Жарнама
Жарнама

Догадайло қызметінен босады

27.03.2012, 21:08
Жарнама
Жарнама
 "Оқжетпес" клубының бас бапкері Виктор Догадайло қызметінен босады. Дегенмен, бұл туралы клуб басшылығы ресми түрде әлі мәлімдеген жоқ.        Негізі, Догадайло қызметінен үшінші турға үш күн қалғанда босатылған екен. Ал 25 наурыз күні "Ертіске" қарсы команданы бас бапкердің көмекшісі Виктор Семенов бастап шықты. Айта кетейік, биылғы біріншілікте үш кездесу өткізген "Оқжетпес" үшеуінде де жеңіліп қалды. Өз қақпасына 10 гол жіберіп алып, тек бір-ақ мәрте қарсылас қақпасын тура көздеген. Турнир кестесінде соңғы орында келеді.          Әзірге клуб басшылығы украиндық маман Догадайлоны кімнің алмастыратынын анықтаған жоқ. алаш арена
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Келесі жаңалық
Алғашқы итжығыс