Жарнама
Жарнама

Домогой Вида Хорватия құрамасындағы мансабын аяқтады

Хорватияның футбол одағы 35 жастағы қорғаушының құрамадағы мансабын аяқтағанын хабарлады.

Жарнама
Жарнама

Тәжірибелі қорғаушы командадан кету арқылы жастарға орын босатуды мақсат етіпті. Вида дәл қазіргі сәтте бар назарын АЕК командасындағы ойынына аудармақшы.

Вида "шақпақ жейделілер" сапында 2010 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Сол уақыт аралығында ол 105 ойын өткізіп, 4 гол соқты. Хорватиямен бірге Домогой 2018 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдесін және 2022 жылғы мундиальдың қола жүлдесін деңді. 

Соңғы рет қорғаушы құрамада 3 маусым күні Солтүстік Ирландияға қарсы жолдастық ойында өнер көрсетті. Футболшы Германиядағы Еуропа чемпионатына барғанымен, турнирде бірде-бір ойын өткізбеді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: