Донни ван де Бек “Айтнрахтқа” керек болмай қалды

Хавбек жалға алу мерзімі аяқталған соң “МЮ” қайтып оралады.

Инсайдер Фабрицио Романо футболшының жаз айында “Манчестер Юнайтед” сапына қайта оралатынын жазды. Онымен қоса, Эрик тен Хаг баптайтын ұжым нидерландтық жартылай қорғаушыға сенім артпай отырғандықтан, Донни Англияға келе сала басқа клуб қарастыратын болады.

Франкфурттық команда хавбекті “МЮ” 3 млн еуроға жалға алған болатын. Содан бері Донни неміс ұжымы үшін барлығы 8 ойын өткізді.

Трансфермаркет Ван де Бекті 7 млн еуроға бағалайды.