Жарнама
Жарнама

Доп айырмасы жүлдеден айырды

19.01.2011, 00:39
Жарнама
Жарнама
Қазақстанның намысын Достастық кубогы жолында қорғауға аттанған қостанайлық "Тобыл" өкінішке қарай сенімді ақтай алмады. Мүмкін болып тұрған жағдайдан мүмкін емес нәрсе жасаған отандастарымыздың өнеріне "ұят" дегеннен өзге ештеңе айту мүмкін емес. Соңғы 3-тур ойындары аса қатты турнирлік маңыздылыққа ие болмаса да, қалыптасып тұрған жағдайды бастан аяқ төңкеріп кетті. Міне, футболдың да құдіреттілігі осы шығар! Қос командаға тең нәтиже жеткілікті екенін айтқанымен, алаңдағы футбол өзгеше қырынан көрінді. Басы тәтті, аяғы қатты болған бұл кездесу қазақстандық жанкүйер қауымның жүрегін ауыртқаны анық. Қайта алғашқы екі ойнын көрсеткен "МИР" телеарнасы дәл осы кездесудің қазақстандықтарға қатты тиетінін сезді ме екен, әйтеуір репортаж жасамады. Ал біз қоярға жанымызды таппай ғаламтор желісінен латвиялық команданың жеке телеарнасының сайтына кіріп болған жағдайға куә болдық. Матч біткен соң бұл қадамыма өкінгендей де болдым-ау. "Сконто" секілді мықты клубтар, телеарнасы түгілі жеке сайтының өзін мында ғана ашқан ортаңқолдарды ұтпағанда қайтсін? Ойынды көріп отырып қазақстандық клубтан көрі "Сконтоның" құрамындағы ойыншыларды жақсы танитыныма көзім жетті. Прибалттар мен сербтерге толған "Тобыл" қатарынан 2-3 жыл бойы бір ойыншыларға сенім артып жүрген командадан оңбай ұтылды. Әрине, бұл жерде бас бапкер Равиль Сабитовтың оқу-жаттығу жұмыстарының бір белесі ретінде осы турнирді қарастырғанын да ұмытпаған жөн. Не керек, сонымен болайын деп тұрған нәрсе болмады-ау! 3- тур. "Мика" (Армения) - "Бунедкор" (Өзбекістан) - 2:1. "Сконто" (Латвия) - "Тобыл" (Қазақстан) - 3:0. "В" тобының қорытынды нәтижесі. 1 СКОНТО (Латвия) 3 2 1 0 6-1 7 2 МИКА (Армения) 3 1 1 1 4-5 4 3  ТОБЫЛ (Қазақстан)           3 1 1 1 4-6 4 4  БУНЕДКОР (Өзбекістан)  3 0 1 2 3-5 1
Алдыңғы жаңалық
Мемишевич "Таразға" келді
Келесі жаңалық
Алтаудың аманаты