Жарнама
Жарнама

Доп додасы қыза түсті

25.09.2012, 19:31
Жарнама
Жарнама

Сөйтіп, бүгін азуларын айға білеген қарымды клубтар (атап айтқанда, «Шахтер», «Астан», «Ақтөбе») жеңіске жетіп, чемпионат кестесінің жоғарғы жағындағы бәсекелестіктің көрігін де, шоғын да мейілінше қыздыра түсті. Енді ертең «Ертіс» пенен «Тобыл» қайтер екен.

Футболдан Қазақстан чемпионатының премьер-лигасындағы біріншіліктің көмбесі тақаған сайын, бәсекелестік шектен тыс қыза түсті.

23 қыркүйек күні ел чемпионатының ХХІІІ турының бес ойыны өтті. «Шахтер» өз алаңында «Сұңқарды» сүріндіріп, биыл да алтыннан дәмесі зор екендігін сездірсе, «Астана» елордада «Қайсарды» жүндей түтіп, қола медаль тұрмақ алтын үшін арпалысатындарын аңғартты. Мұны осы кездесуден соң «Астананың» бас бапкері Мирослав Беранек тілге тиек етіп, соңғы турға дейін айылдарын тартпайтындығын меңзеді.

«Қайрат» өз алаңындағы кездесулерде Олимпиада чемпиондарынан «Бата» алып, жеңіске жетуін одан әрі жалғастыруда. Өткен жолы былғары қолғап шебері Серік Сәпиевтің ақ тілегінің арқасында «Таразды» тайсақтатса, бұл жолы зілтемірші Илья Ильинді шақырыпты. Екі дүркін Олимпиада чемпионына да 12 нөмірлі жейдесін сыйға тартып, көрермендердің ыстық қошаметіне ие болды. Ал қала әкімі Ахметжан Есімов даңқты балуанымыз Жақсылық Үшкемпіровке «Алматының құрметті азаматы» белгісін тапсырып, теңбіл доп додасы өнегелі сый-құрметпен басталды. Екі Олимпиада чемпионының батасын үлкен не болсын, тәйірі! Адуынды «Ақжайық» та ақ басты Алатаудың бөктерінде «Қайратқа» азуын батыра алмады. Алдматылықтар 2:1 есебімен жеңіске жетіп, премьер-лигадағы орнынан айырылып қалу қаупінен құтылғандай болды. «Ақтөбе» Атыраудан үш ұпай олжалап, чемпионат соңында қамшыны басатын әдетіне көшті. Смақов бастаған саңлақтар осы қарқындарынын таймаса, кем дегенде қола жүлдеге қол жеткізіп тынар. Тіпті алтынмен апталып, күміспен күптеліп жатса да, таң қалмаймыз... Көкшеде «Оқжетпес» «Жетісуді» ома қаптырып, талдықорғандықтардың жағдайын тығырыққа тіреді. Енді аталмыш екі клуб осы «қол ұстасқан» беттерінде бірінші лигадан бір-ақ шығып жүрмесін деңіз... Сөйтіп, бүгін азуларын айға білеген қарымды клубтар (атап айтқанда, «Шахтер», «Астан», «Ақтөбе») жеңіске жетіп, чемпионат кестесінің жоғарғы жағындағы бәсекелестіктің көрігін де, шоғын да мейілінше қыздыра түсті. Енді ертең «Ертіс» пенен «Тобыл» қайтер екен. 23-тур. 23-қыркүйек «Шахтер» - «Сұңқар» - 2:0 Голдар: Парываев, 2. Вичюс, 66. «Астана» - «Қайсар» - 3:0 Голдар: Остапенко, 59. Нөсербаев, 60. Ивановски, 75. «Атырау» - «Ақтөбе» - 0:2 Голдар: Кападзе, 45. Кут, 90+1. «Оқжетпес» - «Жетісу» - 1:0 Гол: Аманов, 26-пенальтиден. «Қайрат» - «Ақжайық» - 2:1 Голдар: Гарсия, 10. Сақалбаев, 41 – Зенькович, 61. «Ертіс» - «Ордабасы» - 24 қыркүйекте «Тобыл» - «Тараз» - 24 қыркүйекте   Сұрмергендер: 1. Игорь Зенькович («Ақжайық») – 10(3-еуін пенальтиден) 2. Ұлықбек Бақаев («Ертів») – 10 (4) 3. Таңат Нөсербаев («Астана») – 8 Бауыржан Жолшиев («Тобыл») – 8 Эдин Юнузович («Жетісу») – 8

алаш арена

 

24 қыркүйекке дейінгі жағдай

о команда

о

ж

т/о

ұ/л

д/а

ұп

  1 Шахтер 23 15   2   6 44-14 47
  2 Тобыл 22 12   6   4 36-23 42
  3 Астана 22 12   5   5 31-20 41
  4 Ертіс 22 11   6   5 40-20 39
  5 Тараз 22 12   2   8 28-29 38
  6 Ақтөбе 21 11   5   5 33-17 38
  7 Ордабасы 21   8   7   6 24-19 31
  8 Ақжайық 22   8   4 10 28-28 28
  9 Қайсар 23   7   6 10 19-27 27
10 Қайрат 22   6   8   8 22-29 26
11 Атырау 23   7   4 12 15-30 25
12 Сұңқар 23   5   7 11 14-27 22
13 Жетісу 23   5   4 14 25-43 19
14 Оқжетпес 23   3   2 18 18-50 11
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров