АПЛ 12 маусым күні жалғасуы мүмкін. Бұл туралы «The Telegraph» басылымы жазды. Ұлыбритания осы арқылы карантин режимін жеңілдетуді көздейді. Десе де барлық қауіпсіздік шаралары сақталуы керек және ауру жұқтырғандардың саны азаюы да бұл шешімге тікеле әсер етпек. Испан футболын ұнататындар үшін де жағымды жаңалық. Ла Лига президенті Хавьер Тебас 12 маусым күні ішкі біріншілік басталады дегенді айтып қалды. Яғни, қос чемпионат бір күнде басталуы мүмкін.
****
«Барселона» өз баласын қайта қайтарғысы келеді. Бұл жолы сөз «Хетафе» қорғаушысы Марк Кукурелью туралы болмақ. «Marca» ақпарат көзі каталондық клуб қорғаныстың сол жақ шетін ныңайтуды көздейді. Осыдан бір ай бұрын ғана «Хетафе» «Барселона» футболшыны 6 миллион еуроға сатып алған делінген. Енді міне, көп уақыт өтпей Барса қайтадан дәл осы ойыншыны 15 миллион еуроға қайтарып алмақшы екен. Испандық гранттың трансферлік саясатын түсіну қиын.
****
«Манчестер Сити» мен Алжир ұлттық құрамасының ойыншысы Африка кубогына байланысты пікір білдірді. «Бұл кубок ойындарын төрт жылда бір жаз мезгілінде өткізу керек. Жарыстың құны неге төмен? Себебі, біз турнирді екі жыл сайын қыста ұйымдастырамыз. Ойыншылар футбол маусымы мен іші біріншіліктер өызып тұрғанда кетуге мәжбүр. Аталған проблеманы біржақты шешкен дұрыс» дейді Рияд Марез.
****
Юрген Клопп бірер шөлмек сыра ішсе қандай адамға айналады? «Ливерпульдің» қорғаушысы Эндрю Робертсон бұған байланысты былай дейді: «Клопп 100 граммданқанда қандай болады дейсіз бе? Ерекше. Өте ерекше. Ол ойнағанда да, жаттыққанда да, тіпті демалғанда да 100% беріліп істеу керек деген қағиданы ұстанады. Юрген өмірде де көңілді адам» — дейді шотландық ойыншы.
Айбек Қосан
Біздің серіктес: FONBET