Украина құрамасының ойыншысы алдағы уақытта өз бағын Олимпиада бәсекесінде сынап көрмекші.
24 жастағы шабуылшы футболмен біржолата қоштасып, жүгіру спортына зейін қоюды мақсат етіп отыр екен.
Қазіргі сәтте футболшы Украина құрамасының жеңіл атлетика ұжымымен бірге жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Мудрик алдағы уақытта World Athletic’s ұйымының ең жеңіл нормативін орындауы тиіс. Сол арқылы украиндықтың 2028 жылғы Олимпиадаға бару бармау мәселесі шешіледі.
Жалпы Михайлода спринтерлік қасиет қалыптасқан. Ол 2023 жылы “Челси” - “Ливерпуль” матчында жылдамдығын 36,63 шақырымға асырып, Лиганың ең жылдам ойыншысы рекордын орнатқан болатын.
Еске салсақ, “Челси” командасы Мудрикті донецкілік “Шахтерден” 100 млн еуроға сатып алған болатын.
Біздің серіктес: FONBET