25 жастағы "Астананың" экс-жартылай қорғаушысы Дорин Ротариу болгариялық "Лудогорецке" ауысты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
Дорин Ротариу "Астанадан" осы маусымның басында кеткен еді. Биыл ол Премьер-Лиганың үшінші туры аясында "Тобылға" қарсы өткен матчқа ғана қатысты (1:1). Румыниялық жартылай қорғаушы 2019 жылдың ақпанында "Астана" сапына қосылып, елордалық клуб сапында 63 матч өткізіп, 10 гол соқты.
Ротариудың "Астанамен" келісім-шарты 2021 жылдың соңына дейін есептелген болатын. Кейінірек Дориннің ФИФА-ға меморандум ұсынғаны және келісім-шартынан босатылғаны белгілі болды.
Біздің серіктес: FONBET