Жарнама
Жарнама

ДОРНИ РОМЕРО: "Жанкүйерлермен қоштасатын уақыт жақын секілді"

Дорни Ромеро бейсенбіде Боливия футболымен қоштасады. 

Жарнама
Жарнама

Боливияда үш жылға жуық алаңда ойқастаған Доминикандық шабуылшы Дорни Ромеро мансабын Қазақстандық "Ақтөбе" клубында жалғастырады. Ойыншы соңғы матчын бейсенбі күні Либертадорес Де Америка Кубогының үшінші кезеңі аясында, Эль-Альтода Уругвай Ұлттық құрамасына қарсы өткізеді. Алаңға өзінің “әрқашан дайын” сөзі жазылған футболкасымен қадам баспақ. 

"Мен мансабымды лайықты түрде аяқтаймын деп үміттенемін. Жанкүйерлердің алдында олардың ыстық ықыласын сезінемін. Маған көрсеткен қолдауы мен сүйіспеншілігі үшін барлығына алғыс айтамын", - деді Доминикандық шабуылшы.

Ромеро Доминикан Республикасынан Боливия футболына қадам басқан алғашқылардың бірі болды. 2021 жылы отандасы Эдарлин Рейеспен бірге "Реал Санта-Крус" командасымен келісімшартқа қол қойды. Екі үздік өз ұлтының кәсіпқой футболшыларына даңғыл жол ашты. 

"Маған бұл жер қолайлы. Олар маған жылы шырай танытуда. Ендігі мақсат- басқа клубта өз қалпымнан таймай, жақсы өнер көрсету”- деді Дорни Ромеро

26 жасында Боливия футболындағы үздік шабуылшылардың бірегейі болды. Өткен маусымда 25 голмен “Always Ready”-дің үздік сұрмергені атанған. Осы маусымда “Спортинг Кристалға” қарсы бірінші матчта екі пенальтиді сәтті орындады.

"Эль-Альто тұрғындары стадионға келіп, командаға қолдау көрсеткенін қалаймыз. Біз бұл ойында жеңіске жетуге тырысамыз", - деп сөзін түйіндеді.

© Әділет Жұмагелдиев

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: