Жарнама
Жарнама

"Достастық кубогі - 2012". Алғашқы жеңіс

21.01.2012, 22:24
Жарнама
Жарнама

Қазақстан жастар құрамасы "Достастық кубогі - 2012" турнирінің аясындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Жерлесмтеріміз түркмениялық құрдастарын 3:1 есебімен тізе бүктірді.  Дегенмен, бірінші болып есепті қарсыластар ашты. Бірінші таймның орта тұсында түркмен шабуылшысы Оразберды Мұрадаов қақпашымызды қапы қалдырып кетті. Сөйтіп, үзіліске футболшыларымыз 0:1 есебімен шықты.

Екінші таймда қазақстандық команданың ойын өрнегі мүлдем өзгеріп сала берді. Шабуылы да ширап, жаңа леппен комбинациялар ұйымдастыра бастады. Нәтижесінде, ойынның 66-минутында Сергей Лисенков есепті теңестірді. Артынан ойынға екінші таймда қосылған "Жетісу" шабуылшысы Алексей Щеткин командамызды алға шығарды. Ал ойынның аяқталуына санаулы-ақ секундтар қалғанда тағы да сол Щеткин есепті 3:1-ге жеткізді. Ойын аяқталған соң "жетісулық" шабуылшының еңбегі лайықты бағаланып, кездесудің үздік ойыншысы атанды.

Слободан Крчмаревич, Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы:  Өте ауыр ойын болды. Футболшыларымның техникалық шеберлігі де, тактикалық ойын деңгейі де түркмендерден жоғары екені көрініп тұрды. Бірақ бірінші таймда қарсыластарымыз қол-аяғымызды матап тастады. Екінші таймда ойынға тағы бір бойшаң шабуылшыны қостым. Бұл бірден өз жемісін берді. лдымен шабуылшымыз жүз пайыздық мүмкіндікді мүлт жіберсе, артынан ойын ырғағына ілесе алып, командамызға жеңіс әперді. Бүгін ол жайдан жай үздік ойыншы атанған жоқ деп ойлаймын. Тобымыздағы жағдайға келер болсақ, еш нәрсе өзгерген жоқ. Эстониямен екінші орынға таласамыз. Байрамдурды Дурдыев, Түркменстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы:  - Командамызда барлығы 18 футболшы бар. Екі күн қатарынан матч өткізіп үйренген жоқпыз. Сондықтан, ойын өте ауыр тиді. Оның үстіне, турнирге небәрі 10-ақ күн дайындалған едік. Бұл мұндай турнирге қатысу үшін жеткілікті уақыт па? Ең басты проблемамыз, алаң ортасында нағыз көшбасшының жетіспеушілігінде болған сияқты. Бізге бұл шептегі ойыншы жетіспей тұр. Дегенмен, сонда да футбол ойнауымызды жалғастыра бермекпіз. Ойын соңында мен алаңға өзімнің баламды шығардым. Оның мүмкіндігі зор. Осы турнирде әлі өзін көрсете алады деп ойлаймын. Қазақстан – Түркменстан - 3:1 Голдар: Мурадов 22 (0:1), Лисенков 66 (1:1), Щеткин 73 (2:1), Щеткин 90 (3:1). Ескертулер: Қуат 17, Лисенков 71, Бейсебеков 79, Шомко 81 - Сапаров 73, Гельдыев 73. Қазақстан: Ткачук, Дәуітов, Қуат, Тағыберген (Щеткин 46), Исламхан (Лёвин 76), Хижниченко, Бейсебеков, Горячий, Лисенков (Құнов 89), Шомко, Жолшиев (Прокопенко 83). Түркменстан: Бабаев, Аннасахатов, Италмазов (Борджаков 87), Мамедов (Туваков 85), Сапаров, Гельдыев, М. Астанов, У. Астанов (Аллануров 89), Курбанов (Магтымов 73), Абдурахманов, Мурадов (Палтаев 79, Дурдыев 90). Төрешілер: Низовцев, Богданов, Петросян (Бәрі де - Ресей) 20 қаңтар. Санкт-Петербург, Петербургский СКК, 300 көрермен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров