Жарнама
Жарнама

"Достастық кубогына" қатысатын футболшылар анықталды

17.01.2013, 07:39
Жарнама
Жарнама
Қаңтардың 17-сі мен 27-сі аралығында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында "Достастық кубогы - 2013" додасы басталады. Осыған байланысты Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Сергей Боровский турнирге қатысатын футболшылардың тізімін жариялады.
       Қаңтардың 17-сі мен 27-сі аралығында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында "Достастық кубогы - 2013" додасы басталады. Осыған байланысты Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Сергей Боровский турнирге қатысатын футболшылардың тізімін жариялады. Дода қаңтардың 18-і күні басталады. Қазақстан жастар құрамасы бірінші ойынын Қырғызстан жастарына қарсы өткізеді.  
    Астанада өткен оқу-жаттығу жиынының нәтижесі бойынша Санкт-Петербургке баратын футболшылардың тізімін анықтады. Кеше жастарымыз жиын аясында соңғы жолдастық кездесуін өткізіп, бірінші лиганың үздік командаларының бірі "Астана-1964" клубын тізе бүктірді. Есеп - 1:0.
Қазақстан жастар құрамасы (U-21):
Қақпашылар: Сергей Ткачук («Шахтер» Қарағанды), Станислав Павлов («Ақтөбе»)
Қорғаушылар: Бақдәулет Қожабаев («Ордабасы» Шымкент), Игорь Пикалкин («Шахтер» Қарағанды), Сергей Григорьев («Оқжетпес» Көкшетау), Саят Сариев («Жетісу» Талдықорған), Кирилл Пасичник («Ақтөбе»), Мақсат Әмірханов («Тараз»)
Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат («Астана»), Әлібек Аяғанов («Ертіс» Павлодар), Эльвин Аллаяров («Ертіс» Павлодар), Шерхан Бауыржан («Тараз»), Евгений Левин («Ордабасы» Шымкент), Александр Ульшин («Оқжетпес» Көкшетау)
 Шабуылшылар: Бауыржан Исламхан («Тараз»), Станислав Лунин («Шахтер» Қарағанды), Тимур Калижанов («Ақтөбе»), Роман Мұртазаев («Шахтер» Қарағанды)
Бапкерлер кеңесі:
Сергей Боровский – аға жаттықтырушы
Қайрат Айманов – аға жаттықтырушының көмекшісі
Игорь Кулиш – қақпашылар бапкері
Александр Киселев – дәрігер
Александр Белов – массажшы
Олег Бутенко – менеджер.
    Команда Санкт-Петербургке Астана әуежайы арқылы 17 қаңтар күні ұшады. Естеріңізге сала кетейік, "Достастық кубогында" Қазақстан жастар құрамасы Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан құрамаларымен бірге "В" тобында өнер көрсететін болады.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров