Екі апта бойы Түркияда жаттыққан Саулюс Ширмялис шәкірттері енді Ресейге аттанады. Бас бапкер Санкт-Петербургтегі турнирде 20 футболшыға сенім артуға бел буып отыр.
Қақпашылар: Станислав Павлов («Актобе»), Владимир Грошев («Қайрат»);
Қорғаушылар: Григорий Сартаков («Ертіс»), Темірлан Әділханов («Жетісу»), Рафкат Аслан («Тобыл»), Тимур Рудосельский («Қайрат»), Берік Шайықов («Астана»), Павел Халезов («Астана»);
Жартылай қорғаушылар: Магамед Узденов («Ақжайық»), Еркебұлан Тұнғышбаев («Ордабасы»), Раул Джалилов («Тобыл»), Антон Куксин («Оқжетпес»), Алексей Родионов («Атырау»), Ринат Хайруллин («Астана»), Иван Антипов («Ақжайық»), Мирас Тулиев («Каспий»);
Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Актобе»), Рауан Сариев («Ордабасы»), Әлішер Сүлей («Тобол»), Максим Федин («Бәйтерек»).
Айта кетейік, халықаралық турнир 16-25 қаңтар аралығында Санкт-Петербург қаласында өтеді. Қазақстан жастары С тобында өнер көрсетеді. Біздің топта Литва, Тәжікстан, ОАР бар.