Жарнама
Жарнама

Достастық кубогында доп тебетіндер белгілі

11.01.2011, 16:54
Жарнама
Жарнама
Кеше Қостанайдың "Тобыл" футбол клубы 15-23 қаңтарда Санкт-Петерборда өтетін Достастық кубогына қатысатын аяқдопшылардың тізімін жариялады.
Олар - қақпашылардан: Александр Петухов пен Ярослав Багинский, қорғаушылардан: Алексей Данаев, Ринат Хасенов, Олег Лотов, Евгений Овшинов және ресейлік Анатолий Стукалов, македониялық Владе Лазаревски. Жартылай қорғаушылардан: Сергей Костюк, Анатолий Богданов, Тимур Досмағамбетов, Ермек Қуантаев, Алексей Малышев, Дәурен Жатеков, Игорь Юрин және сербиялық Ненад Сливич пен латвиялық Юрис Лайзанс. Шабуылшылардан: латвиялық Кристапс Гребис, литвалық Мантас Савенас еніп отыр. Қостанайлық клуб директоры Николай Паниннің сөзіне қарағанда, алдағы уақытта бұл тізімге тағы 6 ойыншы қосылу мүмкін. Өйткені бұл дүбірлі додаға команда 25 ойыншы қоса алады. 5 қаңтардан бері Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қазақстан чемпионы кеше сербиялық легионер Ненад Сливичпен келісімшарт жасады. 1985 жылы 8 маусымда Крушевац қаласында өмірге келген бұл ойыншы алдымен жергілікті "Напредак" командасының жастар құрамында, кейін оның ересектер құрамында бақ сынады. Қазақстанға "Ягодин" командасынан ауысып келді, ал бұған дейін Ресейдің "Ростов" командасында да өнер көрсеткен болатын. Мұндай мәртебеге 7 қаңтарда қазақстандық ойыншылардан Сергей Костюк, Анатолий Богданов және Алексей Данаев қол жеткізген еді.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров