Жарнама
Жарнама

Драма, ірі есеппен жеңіс және голсыз өткен тең ойын: Қазақстан Премьер-лигасының 21-туры қалай өтті?

Өткен сенбі және жексенбі күндері қазақ футболының жанкүйерлері чемпионаттың 7 кездесуін тамашалай алды. 

Жарнама
Жарнама

"Қайраттың" көксегені еурокубок па?

Сенбі күні өткен мачтардың шымылдығын Қайрат - Елімай және “Қызылжар” - “Жеңіс” кездесулері ашып берді. Алматыда семейліктерді қабылдаған Рафаэль Уразбахтин шәкірттері 90 минут қорытындысы бойынша қонақ командадан 2:3 есебімен жеңілді. “Қайрат” сапынан аталған ойында көптің сынына қалып жүрген Эдмилсон Сантос дубль авторы атанды. Ал бразилиялықтың голына жауап ретінде Елімайдан Фессу Плакка да қос гол соқты. Бірінші тайм бітерде Офри Арад өз қақпасын нысанаға алып, “Қайраттың” семейлік командадан екінші рет жеңіліс табуына сеп болды. Сәтсіз ойынға қарамастан, Алматы клубының әлі де чемпиондықтан үміті үзілген жоқ. Алайда қыркүйектегі еурокубоктік ойындар бар жоспарға өзгеріс еңгізері анық. 

Он ойыншымен жүріп, ойын тағдырын өзгертті

“Қайрат” - “Елімай” матчымен қатар өткен “Қызылжар” - “Жеңіс” кездесуінде алаң иелері 10 ойыншымен жүріп, тең нәтижеге қол жеткізді. Бірінші таймда гол жіберіп, екінші тайм басында Козленко есімді футболшысынан айырылып қалған Петропавлдықтар Самат Жарынбетовтың көмегімен 1 ұпай олжалады. Ал “Жеңіс” болса, қолда тұрған 3 ұпайдан қағылды. Недегенмен елордалық команданың соңғы 7 матчтағы жеңіліссіз сериясын ерекше атап өткен жөн деп санаймыз. Петропавлға келгенге дейін “Жеңіс” “Ақтөбені” өз алаңында 0:2 есебімен жеңіп кеткен болатын. 

"Тұран" бапкері Александрдың аяқ алысы жаман емес

Сенбідегі турды “Тұран” - “Қайсар” кездесуі қорытындылады. Бұл матчта атап айтарлықтай, уақиға орын ала қоймады. Александр Поклонскидің келуімен ойыны оңала бастаған түркістандықтар көршілес жатқан Қызылорда футболшыларын минималды есеппен тізе бүктірді. Осылайша қатарынан екі матчта ұпайды қалталарына салды. Еске салсақ, беларус маманының дебютты кездесуінде “Тұран” “Атыраумен” 0:0 есебімен тең тарқасқан еді. Аталған ұжымдар қазірде Премьерде қалу үшін жан таласып жатыр. 

Шушеначевтің бір атары бар екен

Жексенбіде бізді қалған 4 матч күтті. Мұнда барлық ойын сағат 20:00-де өз бастауын алды. “Ақтөбе” өз алаңында әупірімдеп жүріп, “Оқжетпеске” тісін батырды. Әлібек Қасымның автоголынан кейін Артур Шушеначев екі гол соғып, “ақ-қызылдар” сапындағы алғашқы нәтижелі әрекеттерін тіркеді. Қорытынды есеп: 2:1 “Ақтөбе” пайдасына. 

"Ұлытауға" таудағы тимбилдингте көмектеспеді

“Астана” өзінің кезекті матчында “Ұлытауға” еш мүмкіндік қалдырмады. “Астана Аренада” өткен кездесуде алаң иелері сапынан Усман Камара, Джеффри Чинеду, Дритон Цамай және Макс Эбонг қанжығасын майлады. Нүркен Мәзбаев ойын барысында 4 шабуылшысын ауыстырғанмен елорда қақпасына саңылау таба алмай кетті. Сенімді жеңістен кейін Бабаян тәлімгерлері 43 ұпаймен турнир кестесінде 1 орында келеді. Чемпионатта “Астана” ұжымы “Қайраттан” тек гол айырмасымен ғана алда. 

Турдың жалғыз тең ойыны

Шабуылшы Нұрбол Ануарбековты бір турда екі командада ойнатқызып, "Оқжетпестен" техникалық жеңіліс алған “Жетісу” турнир аутсайдері “Атыраудан” басым түсе алмады. Бір матч қорытындысы бойынша қос команда 0:0 есебімен тең тарқасты. Еске салсақ, бұл ұжымдар “Атырау” жеріндеде 1:1 есебімен жеңімпазды анықтай алмай қайтқан болатын. Бірақ кешегі ойынға қарағанда, аталған ойында Болов пенальтиден, Цицкишвили ойын сәтінен гол соғып, жанкүйерлерін бір қуантып еді. 

Асхаттың Сыздықбековке сәлемі

Драмаға толы болған “Ордабасы” - “Тобыл” кездесуінің бар назары Асхат Тағыбергенде болды. Бұрынғы клубына өкпесі бар ел құрамасының капитаны зеңбірегін Шымкенттегі ойынға оқтап келіпті. Жартылай қорғаушы 40 минутта айып добынан тамаша гол соғып, Шымкент әкіміне бір сәлемін жолдады. Еске салсақ, Ғабит Сыздықбеков клубта 20 млн теңге айлық алатын Асхат Тағыбергеннен командаға еш пайда жоқ екенін алға тартып еді. Осы жағдайдан кейін құрама капитаны жолдордасын жинап, бірден “Тобылға” жолға аттанған еді. Енді міне сәтін салып, Шымкентке қайта келген Асхат ерекшеленіп, өзінің жақсы қалыпта екенін көрсетті. Иә, жалпы бұл турда дубль авторы атанған ойыншылар көп болды. Аталған кездесудеде “Тобыл” сапынан Ахмед Эль-Мессауди екі рет қақпаны дәл нысанаға алды.  Ал “Ордабасы” “Тобылдың” үш голына тек Эвертон мен Эльхан Астановтың пенальтиімен ғана жауап қатты. Бірақ онысы тең есепке жеткіліксіз болды. Осы матчтан кейін Қостанайлықтар турнир кестесінде 3 орынға көтерілді. Биылғы маусымда Нұрбол Жұмасқалиев командасы алдында 2021 жылғы нәтиже қайталау мақсаты қойылған. Біле білсеңіздер, “Тобыл” жоғары да жазылған уақытта ел чемпионы болып, Чемпиондар Лигасында бақ сынасқан болатын. “Қайраттың” бар назары еурокубокке ауысқалы жатқанда, жалғыз бәсекелес “Астанамен” неліктен иық тырысып көрмеске!?.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: