Жарнама
Жарнама

Дуглас Коста мансабын МЛС-те жалғастырады

04.02.2022, 14:01
Оның қазіргі клубы чемпионаттан ұшып кетті.
Жарнама
Жарнама

«Лос-Анджелес Гэлакси» «Гремио» шабуылшысы Дуглас Костаны маусым соңына дейін жалға алды. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо хабарлады.

31 жастағы футболшы «Гремиомен» келісім-шарты біткенше, яғни осы маусымның соңына дейін америкалық клубта жалдау шарты бойынша өнер көрсетеді. Содан кейін Коста «Лос-Анджелес Гэлакси» командасымен екі жылдық келісім-шарт түзеді. Коста алдағя жексенбіде АҚШ-қа ұшады деп күтілуде. Футболшыға «Фламенго» да қызығушылық танытты.

Бразилия чемпионатында жартылай қорғаушы 26 матч өткізіп, үш гол соқты және екі нәтижелі пас берді. Маусымның соңында «Гремио» Бразилияның В сериясына түсіп қалды.

Коста «Гремио» клубының түлегі және 2008-2009 жылдар аралығында осы командада ойнады, кейін ол жақтан «Шахтер Донецк» командасына ауысты. Жартылай қорғаушы «Бавария» мен «Ювентуста» да доп тепкен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров