Жарнама
Жарнама

Дуглас Жуниор ресейлік клубқа ауысты

06.02.2022, 19:48
Ойыншы маусым соңында «Қайратқа» қайта оралады.
Жарнама
Жарнама

«Қайрат» футзал клубының баспасөз қызметі Қазақстан құрамасының 32 жастағы қорғаушысы Дуглас Жуниордың ресейлік КПРФ клубына жалдау шарты бойынша ауысқанын хабарлады.

Маусым соңында Дуглас «Қайратқа» қайта оралады. Оның алматылық командамен келісім-шарты 2022/23 жылғы маусымның соңына дейін есептелген.

КПРФ клубы Ресей суперлигасының ағымдағы маусымында 28 ұпаймен үшінші орында келе жатыр.

Еске салайық, Дуглас Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы үшін барлық матчқа қатысып, 4 гол мен 5 нәтижелі пастың авторы атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров