Жарнама
Жарнама

Дүйсенбі күнгі дұрыс матчтар

Дүйсенбі күніне жоспарланған 4 матч бар.
Жарнама
Жарнама

"Манчестер Сити" - "Бернли"

Пеп Гуардиоланың командасы өткен турда "Арсеналды" оңай жеңді. Есеп 3:0. Бүгін "Арсеналдан" да нашар "Бернлимен" ойнайды. Оның үстіне кеше "Ливерпуль" "Эвертонмен" тең түсті. Сондықтан да, ұпай айырмашылығын қысқартудың реті келіп тұр. Чемпион болмасақ та, өз ойынымызды көрсетейік деп тұрған "ситиліктер" "Бернлиге" 3 гол салады деп отырмын. Сондықтан да, "МанСити" тотал 2,5 көп.

"Вильярреал" - "Севилья"

Бұл ойынды 23-30-де "ҚазСпорт" арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондықтан да, матч қызықты өтеді. "Севилья" өткен жолы "Барсамен" ұпай бөлісті. ТерСтеген қақпасына 2 гол салатын мүмкіндігі болды. "Вильярреал" елдің бәрін 1:0 қылып ұтып жатыр. Чуквезе деген вингері мықты. Екі команда да гол соғады деген болжам қатты ұнап тұр. Тотал 1,5 көп дегенді алып жіберсеңіздер де болады. Көресіздер енді өздеріңіз.

"Фиорентина" - "Брешиа"

"Фиоре" сапында Федерико Кьеза, Симионе, Рибери секілді мықты ойыншылар бар. "Фиорентина" осы матчта жеңіске жетсе, Еуропа лигасына жолдама алатындар қатарына кіріп кетуі мүмкін. Жалпы, шанс пайда болады. Ал "Брешиаға" қазір ешкім көмектесе алмайтын сияқты. Бұл команда турнирлік кестенің ең соңында. Оның үстіне көмектеседі деген Марио Болателлиді бапкерлер өткенде командадан қуып жіберді. Жаттығуға кіргізбеді. "Фиорентина" жеңіс немесе "Фиоре" 1,5 көп.

"Болонья" - "Ювентус"

"Болонья" бұрыштама көтергіш команда екенін білеміз. Айтпақшы бұл команданың бас бапкері Синиша Михаилович рак ауруына шалдыққан. Қазір ем қабылдап жүр. Ал "Ювентус" болса Италия кубогының финалында жеңілді. Роналду жеңілу дегенді білмейтін адам. Қатты ызаланды. Қарындасы болса "Сен сиқыршы емессің, үнемі жалғыз өзің жеңіске жете бермейсің" деп жазыпты. Дегенімен Италия чемпионы атану үшін "Ювеге" осы ойынды ұту қажет. Жеңіс "Ювенікі.

Бонус: "Милан" сырт алаңда "Леччені" ұтады)))

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров