Жарнама
Жарнама

Душан Влахович жақын арада «Ювентуске» ауысады

26.01.2022, 00:32
«Ювентус» шабуылшы үшін ресми түрде 75 миллион еуро ұсынған, ал «Фиорентина» мұны қабылдауға дайын.
Жарнама
Жарнама

«Ювентус» пен «Фиорентина» Душан Влаховичтің трансфері бойынша нақты мәмілеге келді, деп хабарлайды италиялық журналист Фабрицио Романо.

Белгілі инсайдердің мәліметінше, «Ювентус» шабуылшы үшін ресми түрде 75 миллион еуро ұсынған, ал «Фиорентина» мұны қабылдауға дайын. Енді Душан Влахович пен оның агенттері туриндік клубпен жеке келісім-шарт мәселесіне қатысты келіссөздер жүргізбек.

Влахович «Ювентусқа» жазда емес, қаңтар айында қосылады деп күтілуде.

Влахович өткен жазда «Атлетико Мадридтің», ал өткен айда Премьер-Лига клубтарының, соның ішінде «Арсеналдың» ұсынысынан бас тартқан болатын.

«Фиорентина» Влаховичтің орнына бразилиялық шабуылшы Артур Кабралды алу үшін «Базель» клубына ресми ұсыныс тастап үлгерді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров