Өткен демалыста "бергамаскіліктер" "А сериясының" төртінші орнына табан тіреді. Жалпы, "Аталанта" 30 шы желтоқсаннан бері өзі қатысқан барлық турнирде жеңіліс тауып көрген жоқ. Осы аралықта команда тек "Ромамен" 8-ші қаңтарда тең түскен (1-1). Қалғанының барлығында басым түіспті.
Ойлаңыздаршы, екі айға жуық уақытта бірақ рет тең түсіп, қалған мачтардың барлығында ұтқан команда Италия біріншілігінің (Ал енді АПЛ ең мықты деп көр) үштігінде жоқ. Зорға дегенде төрттіктің қатарына кірді. Онда да “Милан” мен “Фиорентина” ұпайдан шашау шығармаса, бұл да жоқ еді ғой! Бергамаскілік ұжымның бас бапкері Джан Пьеро Гасперини: “Аталанта үшін жалғыз шынайы мүмкіндік – Италия кубогі. Егер қазіргі жағдайда 70 ұпай жинап, төртінші орын алсақ, бұл бізге Скудеттоны алғанмен бірдей жетістік болар еді” деп ойын айтқан.
Естеріңізге саламыз, “Аталанта” 25 турдан кейін 45 ұпай жинап, чемпиондар лигасының зонасына еніп отыр. Команда келесі турда “Миланмен” жолықпақ.
Біздің серіктес: FONBET