Жарнама
Жарнама

Джанлуиджи Доннарумма ПСЖ клубына ауысты

15.07.2021, 05:35
Жас қақпашы париждік клубта негізгі қақпашы атану үшін Кейлор Наваспен бәсекелеспек.
Жарнама
Жарнама

Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма "Пари Сен-Жерменнің" ойыншысы атанды.

Еуропа чемпионатының ең үздік ойыншысы 2026 жылдың 30 маусымына дейін есептелген бес жылдық келісім-шартқа қол қойды.

Маусым айының соңында футболшының "Миланмен" келісім-шарты аяқталған еді. 22 жастағы ойыншыға "Барселона", "Ювентус", "Рома", "Челси" және "Тоттенхэм" клубтары қызығушылық танытты.

Өткен маусымда Доннарумма "Милан" сапында 48 матч өткізіп, 15 кездесуде қақпасын голдан аман сақтады. Ол "Милан" клубында 2015 жылдан бері өнер көрсетті. Және 2020 жылғы Еуропа чемпионатында Италия құрамасының қақпасын қорғап, аталмыш турнирдің жеңімпазы атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров