"Астананың" 30 жастағы Нигериялық шабуылшысы Джеффри Чинеду Премьер лиганың 23-турында өткен "Елімайға" қарсы ойында (3:3) клубтағы 50-ші матчын өткізді.
Чинеду елордалық командаға өткен жылдың жазында қосылған болатын. Ол дебютін Лига кубогындағы "Каспийге" қарсы (5:0) жасаған еді.
Содан бері 50 матчта Нигериялық футболшы 23 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.
– Астана ФК
Біздің серіктес: FONBET