Жарнама
Жарнама

Джеффри Чинеду “Крылья Советов” сапына қосылды – Трансфер жайлы не белгілі?

Бүгін, 16:16

"Астананың" экс-шабуылшысы Джеффри Чинеду мансабын Ресей чемпионатында жалғастырады, деп хабарлайды Aladop.kz.

 

Жарнама
Жарнама

28 жастағы Нигериялық форвард Самараның "Крылья Советов" клубының оқу-жаттығу жиынына қосылды. Бұл жиын Түркияның Анталья қаласында өтуде.

Инсайды от Карпа телеграм арнасының мәліметінше, футболшының келуі виза мәселелеріне байланысты біраз уақытқа кешіккен.

Трансфердің құны мен шарттары

"Крылья Советов” Чинедудың "Астанамен” келісімшартының аяқталуына жарты жыл қалғанына қарамастан, оны бұзу үшін 30 миллион рубль төлеген.

Ойыншы бүгін-ертең медициналық тексерістен өтіп, 2027 жылдың желтоқсанына дейін жарамды 2 жылдық шартқа қол қояды деп күтілуде.

2025 жылғы маусымда Джеффри Қазақстан біріншілігінде 31 матчқа қатысып, 12 гол мен 2 нәтижелі пас авторы атанды.

Тіркеу мәселесі қалай шешіледі?

Дереккөздің мәліметінше қазіргі таңда Самара клубына жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салынған. Алайда бұл жағдай трансфер жасауға кедергі емес.

Клуб жаңа ойыншыларды сатып ала алады, тек оларды ресми жарыстарға мәлімдей алмайды.

Клуб басшылығы 3 ақпанға дейін "РТ-Капитал” алдындағы қарыздарын өтеп, салық және трансферлік мәселелерді реттеуді көздеп отыр.

Осы түйткілдер шешілген соң, Джеффри, Фернандес және өзге де жаңадан келген футболшылар ресми түрде команда сапына тіркеледі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров