Жарнама
Жарнама

Джейдон Санчо Бундеслиганың 51 жылдық рекордын жаңартты

19.12.2019, 02:36
Жарнама
Жарнама

OptaFranz мәліметіне сүйенсек, Джейдон алдыңғы көрсеткішті небәрі 2 күн айырмашылығымен жаңартып отыр.

Германия біріншілігінің 16-турында Дортмундтың "Боруссиясы" өз алаңында "РБ Лейпцигпен" кездесіп, 3:3 есебімен тең түсті.
Ағылшындық жартылай қорғаушы Джейдон Санчо матчта гол соғып, Бундеслигада 22 гол салған ең жас футболшы атанды. Ол бұл нәтижені 19 жас 267 күн көрсеткішімен тіркеді. Ал бұрынғы рекордты 1968 жылы 19 жас 269 күндік көрсеткішпен Хорст Коппелс тіркеген екен.

Айта кетейік, Джейдон Санчо биылғы біріншілікте 14 матч өткізіп, 9 гол салып, 9 нәтижелі пас берген.
16-турдан кейін "РБ Лейпциг" 34 ұпаймен көш басына шықса, Дортмундтың "Боруссиясы" 30 ұпаймен 3-орында.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров