"Ливерпульдің" бұрынғы футболшысы Джейми Каррагер "қызылдардың" Англия премьер-лигасындағы "Арсеналға" қарсы 3-ші тур матчында 3:1 есебімен жеңгені туралы айтып, команданы бәсекелестерімен салыстырды.
"Маусым енді басталған кезде командаларды бағалау қиын. Біз "Манчестер Юнайтедтің" 1-турда "Кристал Пэластан" ұтылғанын көрдік және оларды сынауға асықпадық. "Ман Сити" мен "Лестер" матчынан кейін де барлығы: "Бұл команда нешінші тур ойынын өткізіп жатыр?" деп ойлады. Менің ойымша, "Ливерпульдің" мен атаған клубтардан артықшылығы болды. Олар Чемпиондар Лигасынан кеткеннен бастап, маусым қашан аяқталатынын жақсы білді.
Бірінші матчта "Ливерпуль" ең жақсы ойынын көрсете алған жоқ, бірақ команда алғашқы алтылықтағы екі қарсыласына байыпты мәлімдеме жасады. "Арсенал" ойында қалды, бұл өте маңызды, және олар бәрін өзгерту үшін керемет мүмкіндіктер жасады, бірақ "Ливерпуль" олардан бірнеше жыл алда келе жатыр", - деді Каррагер Sky Sports-қа берген сұхбатында.
Біздің серіктес: FONBET