Жарнама
Жарнама

Джейми Варди “Қайрат” қарсыласы сапына ауысуы мүмкін

Осы жылдың басынан бері еркін агент статусында жүрген Джейми Вардиді ағылшын басылымдары “Селтикке” құдаластыруда.

Жарнама
Жарнама

38 жастағы шабуылшы соңғы рет “Лестер” Сити клубының намысын қорғады. Онда ол 500 матч өткізіп, 200 гол соғу арқылы түлкілер тарихындағы үздік голеадор атанды. 

13 жылдан кейін “Кинг Пауэрдегі” шытырман оқиғасы аяқталған Вардиге MLS клубтары мен “Рэксхэм” ұжымы ұсыныс жасапты. Алайда тәжірибелі ойыншы әлі де Еуропада ойнағысы келетін жасырмай айтқан екен.

Джеймидің “Селтикке” трансфері құлаққа қонымды. Неге десеңіздер, шотландиялықтардың қазіргі бапкері Вардимен біраз жылдар бойы жұмыс жасаған. Және олар “Лестердің” Англия Кубогын жеңген. Осы себептен бапкер Брендан Роджерс тәжірибелі ойыншының командаға қосылуына тікелей әсерін тигізе алады. 

Айта кетейік, “Селтик” ұжымы “Қайрат” командасының Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіндегі басты қарсыласы. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: