"Астон Вилла" жартылай қорғаушы Джек Грилишті сатып алу үшін "Манчестер Сити" ұсынған 117 миллион еуроны қабылдады, деп хабарлайды Sky Sports.
Егер келісім жасалса, бұл Премьер-лига үшін рекордтық сома болады. Алдыңғы рекорд жартылай қорғаушы Поль Погбаға тиесілі еді. "Манчестер Юнайтед" 2016 жылы француз футболшысы үшін 89 миллион фунт стерлинг (100 миллион еуродан жоғары) төлеген еді.
Ал "Астон Вилла" Грилиштің орнын басатын футболшыны еш қиналмай тапты. Бирмингемдік клуб Ямайка құрамасы мен "Байердің" шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Леон Бэйлиді сатып алатына туралы мәлімдеме жасады. Трансфер сомасы 40 миллион еуроны құрайды деп күтілуде. 23 жастағы футболшы Бундеслиганың өткен маусымында 30 матчқа қатысып, 9 гол соқты, 8 нәтижелі пасы тағы бар.
Джек Грилиш - "Астон Вилланың" түлегі, ол 2012 жылдан бері осы клубтың намысын қорғады және өткен жылдан бастап Англия құрамасына шақыртыла бастады. Өткен маусымда 25 жастағы футболшы Премьер-лигада 26 ойын өткізіп, 6 гол соқты, 12 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET