Жарнама
Жарнама

Дженк Тосун АПЛ-да 10-нан артық гол соққан 4-түрік футболшысы

27.01.2020, 02:27
Жарнама
Жарнама

"Кристал Пэлас" шабуылшысы Дженк Тосун Ағылшын премьер-лигасы тарихында 10-нан астам гол салған төртінші түрік футболшысы.

29 жастағы ойыншы АПЛ-дың 23-турында "Манчестер Сити" қақпасынан саңылау тапқан еді. Матч 2:2 есебімен тең аяқталған.

Тұманды альбиондағы үздік түрік футболшылары:

Мустафа Иззет – 34 гол
Тунджай Шанлы – 20 гол
Дженк Тосун – 10 гол
Тугай Керимоглу – 10 гол

Тосун қаңтарда "Эвертон" сапынан "Кристал Пэласқа" ауысқан-ды. Негізі карьерасын 2008 жылы "Айнтрахт" ойыншысы ретінде бастаған. Ал 2011 жылы Түркияға қоныс аударып, 6 жыл ішінде "Газиантепспор" мен "Бешикташ" жейдесінде доп тепті. 2018 жылы "Эвертон" 22,5 млн. еуроға сатып алған болатын.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров