Жарнама
Жарнама

Дженнаро Гаттузо «Фиорентинаның» бас бапкері атанды

26.05.2021, 04:22
Гаттузо жаттықтыратын «Наполи» соңғы турда Чемпиондар Лигасының жолдамасынан қағылған болатын.
Жарнама
Жарнама

"Фиорентина" ресми сайтында Дженнаро Гаттузоны клубтың бас бапкері етіп тағайындағанын мәлімдеді.

Италиялық маман жаңа қызметіне 1 шілдеден бастап кіріседі. Ол "Фиорентинамен" екі жылдық келісім-шарт жасасты.

"Фиорентинаның" бас бапкері ретінде Гаттузо осы жылдың наурызында команданы қабылдаған Джузеппе Якиниді алмастырады. Команда Якинимен маусым аяқталаса салысымен қош айтысты.

Естеріңізге сала кетейік, Гаттузо осы маусымда "Наполи" клубын жаттықтырды. Неополитандық клуб алдағы маусымда Еуропа Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетеді. Ал "Фиорентина" А сериясында 13-ші орынға тұрақтады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров