Жарнама
Жарнама

Джеррардтың "Энфилдтағы" ең соңғы ойыны. "Ливерпульдің" жеңілісі

17.05.2015, 13:51
Жарнама
Жарнама
Стивен Джеррардтың "Энфилд" стадионындағы соңғы матчы алаң иелері үшін сәтсіз аяқталды. Бұл ойын Джеррардтың команда сапындағы 709-шы матчы еді. "Қызылдардың" даңқты капитаны "Ливерпуль" сапында 17 жылын өткізді. Ағылшын Премьер-Лигасының алтыны бұйырмаса да, еншісінде Стамбулдағы Чемпиондар Лигасының жеңісті финалы бар. "Ливерпуль" ойынды белсенді бастады. Допты өз иеліктерін алды. 26-шы минутта қонақтардың қорғанысындағы қателікті пайдаланған Адам Лаллана есеп ашып, "Энифилдты" бір қуантты. Бірақ, қонақтар ойын барысын өзгерте білді. Үзіліске екі минут қалғанда айып добын тамаша орындап есепті теңестірді. Екінші таймда да қонақтар екі гол соғып, "Энфилд" мейрамының шырқын бұзды. Ливерпуль-Кристал Пэлас 1:3 (1:1) Голдар:Лаллана, 26 (1:0); Панчон, 43 (1:1); Заха, 60 (1:2); Мюррей, 90 (1:3)
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров