Жарнама
Жарнама

Джесси Лингардты Оңтүстік Кореяда жер қылды

“Сеул” командасының бас бапкері Ким Ги Дон Джесси Лингардтың ойынын қатты сынады.

Жарнама
Жарнама

“Сеул” командасының бас бапкері Ким Ги Дон:

“Мен Лингардты құрамнан мүлдем алып тастағым келеді. Бұндай жалқаулар футболшы емес. Бірнеше минут жүгіруге шыдамайтындарды футболшы деуге келе ме. Допқа соңына дейін таласпайтын ойыншы бізге не үшін керек. Ол жұлдыз болса, өзіне жұлдыз шығар”.

Шабуылдаушы жартылай қорғаушы оңтүстік кореялық ұжымда 2024 жылдың ақпан айынан бері өнер көрсетіп келеді. “Сеул” командасы үшін ол небәрі 3 ойын өткізді. 

Өзін көрсетуге деген ынта-жігері жоқ футболшыны бапкер Ким Ги Дон қосалқы құрам аяқдопшылары тізімінен алып тастаған. Лингардтың матчқа шығуының өзі қазір мұңға айналды. Табандылығы жоқ жартылай қорғаушы жағдай осылай жалғаса берсе, “Сеул” командасынан кетіп қалуы ғажап емес. 

Оңтүстік Кореялық ұжымға ауысып келместен бұрын Джесси бір жыл бойы жасыл алаңда өнер көрсетпеген еді. Алайда соған қарамастан футболшы физикалық дайындығын қалыпта ұстап келді. Ол арнайы кешенді жаттығулар жасап, бапкермен бірге жұмыс үлкен атқарды. 

“Сеул” командасы Кей-Лиганың 4-тур қорытындысы бойынша 5 ұпай жинап турнирлік кестеде 6 орында келеді. 

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: