Футболшы Қазақстанға қарсы кездесуде мергендік танытты.
Қазіргі сәтте “Ақтөбенің” “Қобыланды батыр” атындағы стадионында Қазақстан мен Англия Жастар құрамасы бақ сынасуда. Әзірге біздің жігіттер ойынның 73 минут қорытындысы бойынша ағылшындардан 0:2 есебімен жеңілуде. Бірінші таймда Қазақстан қақпасына Нванери мен Джоб Беллингем гол соқты.
Айтпақшы, 2024 жылы өз елінің Жастар құрамасына шақыртылған Джоб Беллингем бүгінде “үш арыстан” жейдесіндегі алғашқы голын тіркеді. Бұған дейін Джудтың інісі Испания, Нидерланды, Франция және Португалияға қарсы кездесулерде көзге түсе алмай кетіп еді.
Еске салсақ, Англия құрамасы Еуро іріктеуінде Қазақстаннан бөлек, Молдова, Андорра, Словакия және Ирландияға қарсы ойнайды.
Біздің серіктес: FONBET