Жарнама
Жарнама

Джон Чарльз Грегори "Қайратты" бастайды

14.06.2011, 17:39
Жарнама
Жарнама
«Қайраттың» бас бапкері болып ағылшындық маман Джон Чарльз Грегори сайланды. 2011 жылдың 13 маусымында Баганашил футбол базасында 57 жасар жетекші командасымен танысты. Ағылшынмен келісімшарт 2013 жылға дейін бекітілген. Жаңа бапкердің алдына жақын арада премьер-лиганың биік міндеттерін шеше алатындай жаңа құрам жасақтау міндеті қойылды. Англияда Джон Грегори «Порстмут», «Плимут Аргайл», «Уикомб Уондерерс», «Астон Вилла», «Дерби Каунти» и «Куинз Парк Рейнджерс» командаларына бапкерлік жұмысымен танымал. Соңғы жылдары Грегори Израильде «Маккаби Ахи» және «Ф.К. Ашдод» командаларын жаттықтырды. 2011 жылдың 14 маусымда Орталық стадион пресс-орталығында пресс-конференция өтіп, онда Джон Грегори «Қайрат» футбол клубының бас бапкері ретінде арнайы таныстырылмақ. Басталуы 10:00. АҚПАРАТТАР: Джон Чарльз ГРЕГОРИ (Англия) Туған күні, айы, жылы 11 мамыр 1954 ж. Жартылай қорғаушы позициясында ойнаған Футболшының қызмет жолы: 1972 – 1977 – «Нортгемптон Таун» 1977 – 1979 – «Астон Вилла» 1979 – 1981 – «Брайтон энд Хоув Альбион» 1981 – 1985 – «Куинз Парк Рейнджерс» 1985 – 1988 – «Дерби Каунти» 1990 – «Плимут Аргайл» 1990 – «Болтон Уондерерс» Барлығы 598 ойынға қатынасып, 83 рет гол соққан 1983-1984 1983-1984 – Англия ұлттық құрамасы (6 ойын) Бапкерлік қызмет жолы: 1989 – 1990 – «Портсмут» 1990 – «Плимут Аргайл» 1996 – 1998 – «Уикомб Уондерерс» 1998 – 2002 – «Астон Вилла» 2002 – 2003 – «Дерби Каунти» 2006 – 2007 – «Куинз Парк Рейнджерс» 2009 – 2010 – «Маккаби Ахи» 2010 – 2011 – «Ф.К. Ашдод» 2011 –«Қайрат» ФК «Қайрат» ФК пресс-қызметі
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров