Жарнама
Жарнама

Джон Грегори: «Қайрат» ағылшынның «Ливерпульі» секілді даңқты клуб екен

14.06.2011, 21:03
Жарнама
Жарнама

«Қайрат» футбол клубының тізгінін 57-жасар ағылшын бапкері ұстайтын болды. Орталық стадионның баспасөз орталығында ол жайлы Алматы қаласы спорт және туризм басқармасының бастығы Хайрболат Хайдаров мәлімдеді. Су жаңа бас бапкерді таныстырған Хайрболат Саламатұлы алдағы уақытта «Қайраттың» жоғарғы орындардан көрінуін қадағалайтын боламыз деп сендірді.

Мен «Қайрат» жайлы біршама ақпараттар жинап, шамам келгенше зерттедім. Бұл команда Қазақстан футболы үшін орны ерекше ұжым екен. Дәл біздің «Ливерпуль» секілді атақ-даңққа қол жеткізіпті. Бірақ, соңғы кездері қиын-қыстау заман кешіп отыр екен. Міне, сондықтан да мен «Қайратты» жаттықтыруға келісім беріп отырмын. Негізгі мақсатымыз осы маусымның қалған ойындарын сәтті өткізіп, келер жылғы біріншілікке тыңғылықты дайындалу. ­ Өзіңізді таныстырып өтсеңіз? ­– 15 жасымда футбол үшін үйден кеттім. Содан бергі 40 жылымның әрбір күні осы ойынмен өтуде. Ойыншы ретінде 700-ден астам кездесуде алаңға шықтым. Ұлттық құрамаға да алындым. 1991 жылдан бастап бапкерлік қызметке ауыстым. Ал енді «Қайратты» жаттықтыруға келіп отырмын. Бұл мен үшін өте маңызды, әрі абройлы қызмет. ­– Алғашқы жаттығу кезінде «Қайрат» ойыншыларынмен қандай тақырыпта сөйлестіңіздер? Ойыншыларға өткенді ұмытып, тек болашақты ғана ойлауларын сұрандым. Тек сондай ұмтылыс болса ғана, біз қойылған мақсаттарды орындаймыз. Менің шәкірттерім тек футболды ғана ойнауы керек. Кез-келген ойыншы команданың осы маусымды сәтті аяқтауына бар ынтасын салмаса онда жағдай қиын. – Сізді ойыншылар қалай атағаны дұрыс? Англияда жаттықтырушыларды босс дейді. Ал жанкүйерлер мені Джонни десе болады. – Өзіңізбен бірге көмекші алып келесіз бе? Қазір өзіммен бірге көмекшім бар. Негізі клуб басшылары тағы бір жаттықтырушы шақыртуыма рұқсат берген. Бірақ, әзірге оның керекі жоқ секілді. – Алдыңғы екі ойынды көрген соң «Қайрат» ойыны жайлы қандай пікірдесіз? ­– «Ақтөбемен» өткен кездесуде қорғаушылар сауатты ойнаған еді. Соның арқасында команда ірі жеңіске қол жеткізді. Ал келесі «Ордабасымен» өткен ойында дәл сол қорғаушылар өрескел қателіктерге бой алдырды. Осыдан кейін мен команданың қай жерінде ақау бар екенін, оның ойын мәнерін аңғардым. Алдағы уақытта осы мәселелерге бас қатыратын боламыз. – Командаға ағылшын ойыншыларын алып келу ойыңызда жоқ па? – Өте қиын сұрақ. Дәл қазір жауап бере алмаймын. Уақыт өте келе көре жатармыз.
Джон Чарльз ГРЕГОРИ (Англия)
11 мамыр 1954 ж.
Жартылай қорғаушы позициясында ойнаған
Футболшының қызмет жолы:
1972 – 1977 – «Нортгемптон Таун»
1977 – 1979 – «Астон Вилла»
1979 – 1981 – «Брайтон энд Хоув Альбион»
1981 – 1985 – «Куинз Парк Рейнджерс»
1985 – 1988 – «Дерби Каунти»
1990 – «Плимут Аргайл»
1990 – «Болтон Уондерерс»
Барлығы 598 ойынға қатысып, 83-рет гол соққан
1983-1984 1983-1984 – Англия ұлттық құрамасы (6 ойын)
Бапкерлік қызмет жолы:
1989 – 1990 – «Портсмут»
1990 – «Плимут Аргайл»
1996 – 1998 – «Уикомб Уондерерс»
1998 – 2002 – «Астон Вилла»
2002 – 2003 – «Дерби Каунти»
2006 – 2007 – «Куинз Парк Рейнджерс»
2009 – 2010 – «Маккаби Ахи»
2010 – 2011 – «Ф.К. Ашдод»
2011 –«Қайрат» ФК

Ермұхамед МӘУЛЕН

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров