Лондондық «Челсидің» капитаны Джон Терри «ақсүйектермен» келісім-шартын ұзартты.
Жаңа келісім-шарт 2015/16 жылғы маусым аяқталғанаша жасалған.
Естеріңізге сала кетсек, Терри «Челси» сапындағы алғашқы матчын 1998 жылы өткізген. Сол кезден бастап 661 матч өткізіп, 63 гол соққан. Бұл қорғаушылардың арасындағы рекортдық көрсеткіш болып саналады.