Жарнама
Жарнама

Джорахан Бабаханов: «Қақпашылардың бір қателігі бар еңбекті жоққа шығарады»

23.10.2020, 01:32
«Тараз» қақпашысы кеше «Қызыл-Жармен» болған матчта өрескел қателік жіберген болатын.
Жарнама
Жарнама

«Тараз» қақпашысы «Қызылжар» командасымен ойында сәтсіз өнер көрсетіп, қарсыластың гол соғуына мүмкіндік беріп қойған болатын. Бабаханов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында сол сәт туралы пікірімен бөлісті.

 - Джорахон, сол сәтте не болды?

- Өте өкінішті жайт. Мен допты ырқыма көндіріп, ұстап қалуға тырыстым. Бірақ қолдан шығып кетіп, қарсылас команда ойыншысына жетті. Бұл қателік мен ғана емес, команда үшін де ауыр болды. Командадағы жігіттер мен барлық жанкүйерлерден шынайы кешірім сұраймын. Ол сәттегі жауапкершілік менің мойнымда.

- Дәл сол сәтті есепке алмасақ, жалпы бұл матчта жақсы ойын өрнегін көрсете білдің...

- Ия. Бірақ осындай сәттер жанкүйерлер есінде ұзақ сақталады. Қақпашылардың бір қателігі барлық еңбекті жоққа шығаруы мүмкін. Футбол заңы солай...

- Матчтан соң командадағы ойыншылар не айтты?

- Командаға рахмет! Олар қатты абыржымай, сабырға келуге шақырды. Мұндай сәттер басқа қақпашыларда да соңғы кездері болып жатқанын айтты. Тіпті мықтылар да қателеседі. Бірақ мұндай сәттерде ол көңілді тыныштандыра қоймайды. Ондай қателіктер қайталанбас үшін жұмыс жасауды жалғастыру керек. Тағы да команда мен жанкүйерлерден кешірім сұраймын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров