Әзірбайжан құрамасының бас бапкері Джованни Де Бьязи УЕФА Ұлттар лигасы аясында Қазақстанмен болған ойынға (0:2) қатысты пікір білдірді.
– Жеңілістің себебі неде?
– Мен де өзіме осы сұрақты қоямын. Бізде мүмкіндіктер көп, бірақ жүзеге асыру тұрғысынан біраз қиындықтар бар.
– Қазақстан құрамасынан қай ойыншыны ерекше атап өтер едіңіз?
– Мен тек өз ойыншыларыма қарадым. Оны бапкеріңізден сұраңыз.
– Қазақстан Чемпиондар лигасының финалындағы «Реал Мадрид» секілді бірнеше мүмкіндіктер жасап, жеңіске жетті.
– «Реал Мадрид» тек Чемпиондар лигасын ғана емес, басқа да титулдарды жеңіп алады. Бұл команданы біздің деңгеймен салыстыру дұрыс емес. Алыс қашықтықтан жасалған соққының біздің ойыншыға тиіп, гол болғанын ескерсек, Қазақстанның жолы болды деп айта аламын. Бұл гол ойынды қатты өзгертті.
– Екінші таймда сіздің команда біріншіге қарағанда нашар көрінді. Ол немен байланысты?
– Менің ойымша, команда бірінші голдан кейін қобалжи бастады. Олар дұрыс әрекет жасай алмады, содан кейін екінші голды жіберіп алдық. Бұрын мұндайды «автогол» деп аталса, бұл сәтте рикошет болды. Сіздер бұл жеңіске қуануларыңыз керек. Бірінші таймда біз көбірек мүмкіндіктер жасадық, ал сіздер қорғаныстан шыға алмай, екі-ақ бұрыштама добын орындадыңыздар.
Біздің серіктес: FONBET