Жарнама
Жарнама

Джуд Беллингем “Қайратқа” қарсы ойынға келе ме?

“Реал” жартылай қорғаушысы шілде айында иығына ота жасатқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Иығына күрделі ота жасатып, қатардан 3-4 айға шығып қалды деген Джуд Беллингем бүгінде түк болмағандай командамен бірге жаттығып жүр. Жартылай қорғаушы тіпті корольдік команданың “Марсельге” қарсы кездесуіне қатысуға ниет білдіріпті. Ал “Реал” өз кезегінде Беллингемді тізімге қайта қосыпты. 

Жарақат алған сәттен бастап Англия құрамасының көшбасшысы “Реалдың” бес матчын өткізіп алғанын айта кетейік. 

Егерде барлығы өз орайымен болып, Джуд “Марсельмен” болатын ойынға қатысса, онда Хаби Алонсо жартылай қорғаушыны Алматыға да алып келуі ғажап емес. 

Еске салсақ, “Қайрат” пен “Реал” арасындағы супер-матч 30 қыркүйек күні 21:45-те басталады. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров