Жарнама
Жарнама

Джуд Беллингем Лука Модричтің орнын басатын ойыншы ретінде ұлттық құрамадағы әріптесі Адам Уортонды ұсынды

15.08.2025, 11:00

“Реал Мадрид” бас бапкері Хаби Алонсо орталық жартылай қорғау шебін күшейтуді басты мақсат етіп отыр. Лука Модричтің кетуі алаңның ортасында айқын бос орынды қалдырды, сондықтан Алонсо бұл орынды маусым басталмай тұрып толықтыруды аса маңызды деп санайды.

Жарнама
Жарнама

Daily Mail мәліметінше, “Реал” “Кристал Пэлас” клубының болашағынан зор үміт күттіретін 21 жастағы жартылай қорғаушысы Адам Уортонды жіті бақылауда ұстап отыр. Премьер лигада тактикалық сауаттылығы мен ойын қарқынын бақылау қабілетімен ерекшеленген Уортон қорғанысқа да, шабуылға да белсенді араласады және қысым астында да дәл пас бере алады. Оның ойын мәнерін Тони Кроосқа ұқсатады, ал Джуд Беллингем оны Алонсоның философиясына мінсіз үйлеседі деп санап, клубқа ұсынған.

Алайда оны “Реалға” әкелу оңай болмайын деп тұр. Жуырда Англия Суперкубогын жеңіп алған “Кристал Пэлас” тарихи маусымға қадам басуда. Англия кубогындағы жеңісі арқылы Еуропа лигасына жолдама алған клубтың қаржылай тұрғыда ойыншыны сатуға мәжбүрлігі жоқ. Қазір оның нарықтық құны 45 миллион еуро.

Адам Уортон — “Блэкберн Роверс” академиясының түлегі, 2024 жылдан бері “Кристал Пэлас” сапында өнер көрсетіп келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров