Жарнама
Жарнама

Джурахон Бабаханов “Қызылжар” клубынан кетті

34 жастағы қақпашы қазірде өзінің туған қаласы Таразда жүр.

Жарнама
Жарнама

Джурахон Петропавл командасында 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол “Қызылжар” сапында барлық турнирлерде 19 матч өткізіп, өз қақпасына 17 гол жіберді. 

Бабаханов бүркіттер ұжымынан бөлек, өз мансабында “Тараз”, “Ертіс”, “Оқжетпес” және “Жетісу” клубтарының намысын қорғады. 

Егде жасына байланысты Джурахон келер маусымды төменгі лигадағы ұжымдарда жалғастыруы мүмкін. Бірақ әзірге 34 жастағы қақпашы туған жеріне қайтып, демалыс күндерін өткізіп жатыр. 

Айта кетейік, Transfermarkt порталы Тараз футболының түлегін 50 мың еуроға бағалайды. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: