Жарнама
Жарнама

“Дзюба — Нани мен Роналдиньодан да артық” – Агенттің “Ақтөбеге” айтқан ұсынысы

Бүгін, 14:55

Белгілі футбол агенті Дмитрий Селюк "Ақтөбенің" трансферлік саясатына қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Агенттің пікірінше, Aқтөбелік ұжымға мансабының соңына таяған Eуропалық жұлдыздарды емес, Pесейлік тәжірибелі шабуылшы Артём Дзюбаны шақыру әлдеқайда тиімді болмақ.

"Дзюба — Нани мен Пьяничтен де артық"

Селюк "Ақтөбенің” назарына ілінген 39 жастағы Португалиялық Луиш Нани мен 35 жастағы Босниялық Миралем Пьяничтің қазіргі деңгейіне күмәнмен қарайды. Оның айтуынша, 37 жастағы Дзюба қазіргі таңда кез келген ардагер ойыншыдан жақсы бабында.

"Мен "Ақтөбеге” Нани мен Пьяничтің орнына Артём Дзюбаны алуға кеңес берер едім. Қазіргі сәтте ол команда үшін Нани, Халк және Роналдиньоны қосқаннан да пайдалырақ болар еді. Оның деңгейі мен тиімділігі жоғарыда аталған жұлдыздардан әлдеқайда жоғары.” — деді Селюк Legalbet тілшісіне берген сұхбатында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров