"Акрон" клубының спорттық директоры Антон Чистяков Артем Дзюбаның клубтағы болашағы туралы сұраққа жауап берді.
"Бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Ол келесі маусымда біздің командада қалуы үшін жақсы мүмкіндіктер ұсынамыз. Артеммен және оның өкілімен өте жақсы байланыстамыз." — деді Чистяков.
Дзюба 2024 жылдың қыркүйек айынан бері "Акрон” командасында ойнауда. Оның қазіргі келісімшарты клубпен 2025 жылдың маусымының соңына дейін жарамды.
Бұған дейін "Қайрат" клубының президенті Қайрат Боранбаев жазғы трансферлік терезеде Дзюбаны сатып алу мақсатында клубтың жоспарлары бар екенін айтқан болатын.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET