Electronic Arts (EA) компаниясы Қазақстан футбол федерациясына (ҚФФ) ресми хат жолдап, екі тараптың арасында келісім жасау мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Блогер Арман Пирмановтың айтуынша егер келісім толық күшіне енсе, жақын уақытта әйгілі EA FC ойынында Қазақстан ұлттық құрамасы, немесе Қазақстан Премьер Лигасының клубтары ресми түрде пайда болуы мүмкін. Бұл – қазақ футболының халықаралық деңгейде танылуына жол ашатын маңызды қадам.
EA FC – әлемдегі ең танымал футбол симуляторларының бірі. Оның құрамына енген ұлттық құрама немесе клубтар әлемдік аудиторияға танылады.
Қазақстан футболы үшін бұл маркетингтік тұрғыдан да, имидждік тұрғыдан да үлкен мүмкіндік.
Біздің серіктес: FONBET