«Реал» мен «Стрёмсгодсет» 16- жасар жартылай қорғаушы Мартин Эдегордың трансфері бойынша келісімге келді. Бұл трансфер туралы ақпарат мадридтіктердің ресми сайтында жарияланды.
22 қаңтар күні Эдегор Мадридте медициналық тексерістен өтіп, баспасөз-конференциясын береді деп жоспарланып отыр.
Трансфер бағасы ресми түрде анықталмағанмен, Испандық БАҚ өкілдерінің мәліметі бойынша «Реал» «Стрёмсгодсет» командасына € 4 млн берген.
Эдегор Норвегияның 2014-жылғы үздік жас ойыншысы атанып, өз құрамасында үш ойын да ойнап үлгерді.
Естеріңізге сала кетейік, Эдегор осыдан бірнеше апта бұрын «Реал» сапында жаттыққан болатын.