Эден Азар: Челси менің жоспарымда болмаған

18.02.2024, 11:43

"Челсидың" бұрынғы жұлдызы Эден Азар "Лильден" кетуінің мән жайын айтты. Бұл шаруада біраз қызық болған көрінеді.

"Лильде" соңғы маусымымды өткізіп жатқанда "Челсидің" жағдайы мәз емес еді. Олар АПЛ-де алтыншы не жетінші орында тұратын, дәл есімде жоқ. Франциядан Англияға кететінімді білдім, бірақ "Челсиге" баруды мүлде жоспарламағам. Өйткені, "Чемпиондар лигасында" ойнағым келетін. Менің қалауларымның арасында "Челси" болған жоқ. Сондықтан, ақыр аяғында дұрыс таңдау жасағаным үшін Дрогбаға қарыздармын" деген болатын Эден. 

Айта кетейік, "Челси" бельгиялықты 40 млн еуроға 2012 жылы сатып алған болатын. Жуырда Эден Азар спорттық мансабын аяқтады.