Бельгия мен «Реал Мадрид» шабуылшысы Эден Азар УЕФА баспасөз қызметіне берген сұхбатында Чемпиондар лигасындағы ең әдемі голды атады.
«Екі жыл бұрын - Криштиану Роналдудың «Ювентусқа» соққан голы. Мен теледидар алдында отырған едім, аузым ашылып қалды: «Ооо! Міне, керемет гол». Гарет Бэйл сонымен қатар 2018 жылғы финалда «Ливерпульге» гол соқты. Жай ғана керемет! Екеуі де өте жақсы», - деді Эден.
Сондай-ақ Азардан өзінен қандай гол соққысы келетінін сұрады:
«Бұл қарапайым. Зинедин Зидан, 2002 жылғы Чемпиондар лигасының финалында «Байер Леверкузенге» соққан голы. Жерге түсірмей тоғыздыққа топ еткізді», - деді бельгиялық.
Соңында, Эден тарихтағы ең керемет голды атады:
"Денис Бергкамп 2002 жылы "Арсенал" сапында "Ньюкаслға" қарсы. Допты алды да, соққы жасады. Оның қорғаушыны айналып өткені ерекше болды", - дейді Азар.
Біздің серіктес: FONBET