Жарнама
Жарнама

Эден Азар мансабын неге ерте аяқтағанын түсіндірді

10.08.2025, 12:50

"Реал" мен Бельгия құрамасының бұрынғы жұлдызды вингері Эден Азар небәрі 32 жасында кәсіби футболдан кеткен себебі жайлы айтты.

Жарнама
Жарнама

"Мен футболдан кетемін деп шештім, өйткені ойыннан тыс дүниелер мені шаршатты. Маған алаңдағы 90 минут ұнайтын, бірақ қалғаны сапарлар, бітпейтін жаттығулар, БАҚ-тың назарында жүру мүлде көңілімнен шықпайтын.

Қазір бапкерлердің жұмысы ойыншылардан да ауыр. Көмекшілерімен бірге күні бойы компьютер алдында отырады. Бұл менің жаным сүйетін дүние емес. Мен 34 жастамын, кейбіреулер ойлағандай 42-де емеспін. Егер бапкер болғым келсе, әлі уақытым бар. Қазір бәрін сырттай бақылап, балаларыммен уақыт өткізіп, тыныш өмір сүріп жүрмін." – деді Азар AS басылымында.

Айта кетейік, Азар карьерасында "Руаяль Стад Бренуа", "Тюбиз", "Лилль", "Челси” және "Реал Мадрид” сапында ойнаған. Ең көп матчты ол "Челси” жейдесінде өткізді 352 ойын. Лондондық клубпен бірге екі рет Англия чемпионы атанып, екі мәрте Еуропа лигасын, бір рет Англия кубогын және бір рет Англия лига кубогын иеленген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров