Бразилиялық қорғаушы артқы сан бұлшық етін ауыр жарақаттап алыпты.
Эдер бұған дейінде аяқ бұлшық еттерін ауыртып, соның кесірінен 115 күн бойы лазаретте ем қабылдап жатқан болатын. Бір қызығы Милитао өз мансабында екі рет крест байламын жарақаттап, алаңға оралған бірегей футболшылардың бірі. Футбол әлемінде аталған диагноз тіркелген аяқдопшылар көп ұзамай мансабын аяқтап кеткен. Бірақ Милитао болса, өз қалпына тез оралды.
Жаңа жарақатына байланысты Эдер алдағы уақытта 3-4 ай бойы ем қабылдайды. Алайда жыл сайын бірнеше айға қатардан шығатын қорғаушының осыдан кейін қайта ойнап кетуі қиын болатын сияқты.
Қазірде “Реал Мадридтің” қорғанысында үлкен мәселе туындап отыр. Неге десеңіздер, жарақатына байланысты қатардан - Даниэль Карвахаль, Трент Александр-Арнольд, Ферлан Менди және Давид Алаба шықты. Команданың медицина қызметкерлері өзіне жүктелген тапсырмаларды орындай алмай жатыр. Соның кесірінен футболшылардың қалыпқа келу мерзімі ұзаққа созылуда. Ал бұл онсызда саусақпен санар қорғаушысв қалған “Реал” үшін төзімділікке сынақ болуда.
Біздің серіктес: FONBET