Жарнама
Жарнама

Эдерсон: “Ситиде барлық армандарым орындалды”

06.09.2025, 12:15

Бразилиялық қақпашы Эдерсон "Манчестер Ситидегі" сегіз жылдық кезеңін аяқтап, трансферлік терезенің соңғы күнінде "Фенербахче" клубына ауысты. Келісімді рәсімдегеннен кейін ол Манчестерге қайта оралып, командаластары, клуб қызметкерлері мен достарымен қоштасты.

Жарнама
Жарнама

Клуб тарихындағы ең үздік қақпашылардың бірі болған Эдерсон "Ситидегі” мансабы ешқашан қызықсыз өтпегенін айтады. Оның пікірінше, осы жылдардағы жетістіктер оның "Этихадтағы” кезеңін толық сипаттап береді.

"Мен үшін бұл керемет болды. Сегіз маусымда алты Премьер Лига чемпионы атандық. Соңғы титулдан кейін TNT тілшісі Фред Кальдейраға төрт рет қатарынан жеңу әдеттегідей болып кеткенін айттым. Бірақ бұл әдеттегі нәрсе емес. Болашақта карьераны аяқтағанда, біз тарих жасағанымызды түсінемін. Ешбір клуб төрт мәрте қатарынан чемпион болмаған. Біз тарих жасадық ойыншылар, бапкерлер, клуб, барлығы бірге тарихқа енді." – деді Эдерсон.

Ол үшін Манчестердегі әрбір сәт ерекше болған. Белгілі бір ойынды бөліп айту қиын екенін, өйткені барлығы да жүрегіне жақын екенін айтты. Қақпашы үшін клуб, жанкүйерлер, команда және Манчестердің өзі, екі баласы дүниеге келген қала өмірінде үлкен орын алады.

"Айтарлықтай бір ғана сезімді бөліп айту қиын, себебі мен көп нәрсе сездім. Манчестерге жас болып, үлкен армандармен келдім. Сол жейдені киюді қаладым. Жаттығуда барымды салып, тәжірибелі ойыншылардан үйреніп, жүлделер үшін күрескім келді. Біздің арманымыз орындалды. Сол сәттер үшін қуаныштымын. Қазір де бақыттымын. Сегіз жылдан кейін кету қиын, үйді көшіру, Түркияға бейімделу сияқты уайым көп. Бірақ бұл мен үшін де, отбасым үшін де ең дұрыс шешім." – деді ол.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров