Жарнама
Жарнама

Еділов елге кімдерді шақыртқан?

Футбол функционері Ербол Еділов қазақтан шыққан жас футболшылардың жолын ашпақшы.

Жарнама
Жарнама

Футбол спортында ықпалға ие азамат “Қайраттың” “Пафосқа” қарсы кездесуіне орайластырып, сонау Менхенгладбахтан “Боруссия” скауті Маркус Хейн мен GRCG компаниясының ресми өкілі Альберт Арзуманянды шақыртыпты. Бұл туралы Еділов өзінің фейсбуктегі парақшасына жазды. 

Көптеген баспасөз құралдарында кешегі кездесуде шетелден келген скауттер болғаны жайында ақпарат тараған болатын. Олардың дені “Қайраттың” жас таланты саналатын Азамат Тұяқбаевты көздеп келгені жайында да айтылды. Тараз тумасының Чемпиондар Лигасында негізгі команда сапында дебют жасауы да осыдан. Менхенгладбах скауті егерде Азаматтың ойынын ұнатып жатса, алдағы уақытта Қазақстанға ұсыныспен қайта келуі ғажап емес.

Еділов осындай қадамға бару арқылы неміс футболында доп тепкен қазақтар санын арттыруды жоспарлапты. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: