Жарнама
Жарнама

Эдимар Роналдуды кешірді

26.01.2015, 21:35
Жарнама
Жарнама
«Кордоба» қорғаушысы Эдимар «Реал Мадридтің» португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналдуға айтар шағымы жоқ екенін, оны кешіретінін айтты. Естеріңізде болса, Испания чемпионатының кезекті турында «Реал» «Кордобаны» 2:1 есебімен жеңген. Матчтың ең айтулы оқиғасы 82-ші минутта орын алды. Криштину Роналду стандарттық шабуылдан кейін Эдимардың бетінен ұрып, тағы бір қарсыласын кеудесінен итеріп жіберді. Төреші де ұзақ ойланған жоқ – қолына қызыл қағазды ұстап, Роналдуға көрсетті. Дәл осы қылығы үшін үш дүркін «Алтын доп» иегері 4 пен 12 матч аралығында алаңнан шеттетілуі ғажап емес. Ал Эдигардың өзі жасыл алаңдағы әріптесіне түсіністікпен қарады: «Роналду үшін матч сәтсіз өтіп жатқандықтан, оның көңілі сәл түсіп жүрді. Бірақ – бұл футбол ғой, мұндай жағдай бәріміздің басымыздан өтуі мүмкін. Мен Роналдуды кешіремін. Оған айтар шағымым да жоқ. Енді оған салынар жаза да қатаң болмайды деп ойлаймын».  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров